Ресми украин трейлерінің премьерасы

 

Kөру


ЖОБА ТУРАЛЫ

Бұл жоба – нақты оқиғалар негізінде құрылған драма. Ресей әскерлері басып алған Украинаның Буча және басқа қалаларында болып жатқан оқиғалар 2022 жылдың сәуір айында белгілі болды. Біздің міндетіміз – бүкіл әлемге Украина халқының қасіреті туралы айтып жеткізу. Бұл фильмде оккупация кезінде Буча мен басқа да қалалардағы жүздеген украиндықтарды құтқарған қазақстандық саяси босқынның басынан кешкен оқиғалары баяндалады.

Оқиғалар түгелімен Украина аумағында нақты оқиға орындарында түсіріледі.

Фильм 2022-2023 жылғы қыс айларында түсіріліп, 2023 жылғы көктемде көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

2024 жылы фильмнің материалдары мамыр айында Канн кинофестивалінің нарығында және маусым айында Нью-Йорктегі Трайбека кинофестивалінің нарығында ұсынылды.

Фильмді шығарушылар тобы жиналып, тамыз айында тизер түсірді.

Фильмнің бюджеті донаттар, демеушілер және тәуелсіз инвесторлар қаражаты есебінен қалыптаспақшы.

Бұл жобаның іске асуы Украинаға халықаралық аренада көмегін тигізері сөзсіз.

БАСТЫ КЕЙІПКЕР

 
Константин Гудаускас
Константин Гудаускас - литва еврей, Қазақстан азаматы, Украинада саяси баспана алып, Бучада тұратын белсенді азамат. Өзінің қазақстандық паспортының арқасында Ресей басқыншылығы басталған кезде-ақ Ресей әскерлері басып алған аумаққа өтіп,  сол жерден бейбіт тұрғындарды шығаруға мүмкіндігі болады. Константин 203 адамды құтқарып қана қоймай, оккупация мен соғыс кезіндегі кісі өлтіру, тонау, зорлау секілді небір қасіреттерді өз көзімен көреді.

Серіктестер

GUR
MFA
LF
B&Y
PR_Batteries_agency
PR Army

Жиі қойылатын сұрақтар